13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : Кентау қаласында креативті экономиканы дамыту жолдары баяндалды

20 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан : Кентау қаласында креативті экономиканы дамыту жолдары баяндалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен лездемелік аппараттық жиында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова креативті экономиканы дамыту бойынша баяндама жасады.

«БҰҰ әлемнің көптеген елінің қолдауымен 2021 жылды «Халықаралық креативті экономика жылы» деп жариялағаны белгілі. Қолдау білдірген елдер мәлімдемесінде креативті

индустрия пандемиядан соң әлем экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіні айтылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық креативті экономика жылы елімізде де креативті индустрия құруда талантты жастарға назар аударуды, жұмыспен қамтуды, Үкіметке стратегиялық тұрғыдан маңызды саланы кешенді түрде дамыту жоспарын құруды тапсырған» деді Ақнұр Нұралықы.

Креативті индустрия ел экономикасын дамыту үшін ғана емес,

қазақстандық мәдениетті халықаралық ілгерілетуде, жастардың

өзін-өзі таныту бағытында да жоғары әлеуетке ие. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасында креативті экономиканы дамыту» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімі баяндаманы мұқият тыңдаған соң, бірқатар тапсырмалар берді. Қалада креативті экономиканы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Алдағы 18-ші тамыз күні қалада «Қызмет көрсету» бойынша семинар өткізуді тапсырды. Онда қалаға Франшизасы бар тамақтану орындарының иелерін шақыру, этно тур, эко тур секілді шаралар таныстырылмақ.

Қыркүйек айында кино түсіретін мамандар, әншілер, тиктокерлер, дизайнерлердің қатысуымен семинар өткізу жоспарланды. Ондағы мақсат Кентау қаласын жан-жақты көрсетіп, кино және клип түсірілімдерге қаланың керемет жерін таныстыру болып табылады, деді қала басшысы.

Tags: 13kz13kz.kz13кзКентау қаласыТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан медицина саласында заманауи технологияға көшуде

Next Post

Еңбекші ауданында 3 өндірістік аймақ бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі