13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанның экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындары құрылуда

20 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанның экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындары құрылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел басшылығының қолдауы мен түркістандықтардың еңбекқорлығының арқасында өңірдің дамып жатқанын айтып, алда жүзеге асатын тың жобаларға тоқталды. Өңір экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындарының құрылғанын айрықша атап өтті.

Өңірге инвестиция тарту мақсатында үлкен жоба іске асырылуда. Ол – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Жобаның болжамды құны 722,8 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады.

— Аталған жоба іске асқан жағдайда облыстың оңтүстігіндегі тұрғындарды түбегейлі ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Өздеріңізге белгілі жыл сайын елімізде электр дефициті байқалып келеді. Облысқа қажетті электр қуатының 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады (қажеттілік 320 МВт). Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, 1000 МВт Газ станциясын (ПГУ) салуды жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың 15 шілдесінде аукцион өткізіліп, жеңімпазы болып «ПГУ Түркістан» ЖШС-гі анықталды. Құрылыс кезінде 2000-2500, пайдалану кезінде 200-250 тұрақты жұмыс орны ашылады,— деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылы 268,8 млрд. теңгені құрап, өсім 3,6 есеге артты. 4 жылда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 14 мыңнан асып, ондағы жұмысшылар саны 30 мыңға жетті. Өнім көлемі 260 млрд. теңгені құрады. Тартылған инвестиция 291,4 млрд. теңгені құрап, 8 есеге артты.

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 392,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Өңірде 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 243,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облысқа 263,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыэкономикаӨмірзақ Шөкеев
Previous Post

Түркістан: Жүйнекте жүйелі істер атқарылуда

Next Post

Түркістан : Яссыда атқарылып жатқан игі істер көп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі