13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АРЫС ҚАЛАСЫНДА САЛЫНҒАН ЖАҢА ЖОЛДАРҒА МОНИТОРИНГТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

11 июня, 2020
in Қоғам
0
АРЫС ҚАЛАСЫНДА САЛЫНҒАН ЖАҢА ЖОЛДАРҒА МОНИТОРИНГТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Арыс қаласындағы автомобиль жолдарға кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты – автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы бюджет қаржысы есебінен төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жөндеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу.

Қоғамдық бақылау жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев, “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев, қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбеков, қалалық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және мекеме қызметкерлері, қалалық “Nur Otan” партиясы төрағасының орынбасары, Арнайы мониторингтік топ мүшелері, облыстық “Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” филиалының инженері Д.Камалов, мердігер және техникалық қадағалаушы мекеме басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып, Арыс қаласың жолдарына төселген жаңа жолдардың сапасымен танысты.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары толық тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы Арыс қаласына қарасты алты көшенің, соның ішінде Жаңажол, Төлебай батыр, Ақынбеков, Қонаев, Молдыбаев, Қошқарбаев көшелерінің асфальт бетон жамылғыларынан сынама алынды.

Мониторингтік тексеру жұмыстары кезінде асфальт бетон жамылғысында шашылулар мен тегіссіздіктер, жол бордюрлерінің жарылуы мен жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол төселімінің бетіне (тротуарлар) шөп өсіп шығу деректерінің орын алғандығы анықталды.

Атап айтсақ, Қонаев көшесінің жол төселімінің тегістігі сметалық құжатқа сай келмейтіндігі белгілі болса, Ақынбеков көшесінің бойларына орнатылған су ағарлардың жарамсыздығы және су құбырының бетіне құйылған монолитті бетондарда жарылулар бар екендігі жүйелі жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.

Сондай-ақ, Төлебай батыр көшесінде асфальт бетон жамылғысының 52,5 м2 отырғандығы және жаяу жүргіншілер жолында 730 м2 бұзылу деректерінің бар екендігі анықталды.

Бұған қоса, асфальт бетон жамылғысында 22,5 м2 отырған жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары талапқа сәйкес жүргізілмегені мәлім болды.

Салынған жаңа жолдардың сапасы сын көтермейтінін байқаған мамандар мердігерлер жұмысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша акт түзіп, мердігер мекеме басшыларына қайта қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала, аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады.

Previous Post

КЕЗЕКТІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДIК АВТОКӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫМЕН АЙНАЛЫСУЫ ЗАҢСЫЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі