13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жаңадан бой көтеріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Шымкент қаласының ӘІО Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр, 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады.

№1 үйдің бүгінде темірбетон бұйымдар-100%, ішкі әрлеу-95%, инженерлік жүйе (су, жылу, электр, кәріз, газ)-95%, лифт-99%, дәліз периласы-90%, балкон есіктері мен терезелері-80%, қасбет-90% жұмыстары аяқталған.

Ал, №4 үйдің темірбетон бұйымдар-90%, ішкі әрлеу-85%, линолеум-70%, обой-75%, кафель-75%, инженерлік жүйе -85%, лифт-90%, дәліз периласы-5%, балкон есіктері мен терезелері-60%, қасбет-80% жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар ӘІО-да 8 үй осы жылы пайдалануға беріледі. Шымкент қаласының Әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды.

Бүгінде тұрғын үйлердің инженерлік желілері 75 пайыз, лифт – 10 пайыз, ішкі әрлеу 95 пайызға, сыртқы әрлеуі 90 пайыз жұмыстары аяқталған.

Құрылыс жұмыстарының барысын қадағалаған қала әкімі құрылысты осы айдан кешіктірмей аяқтауды және абаттандыру жұмыстарында орын алған олқылықтарды реттеуге тапсырма берді.

Сонымен қатар  Шымккентте 6 айда 188 шақырым жол жөнделді. Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  Оның ішінде: құрылыс және қайта құру жұмыстары 67,4 шақырым жолға жүргізіледі, күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден 261,1 шақырым, 122,7 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін.

Бұл туралы қала әкіміне есеп беру барысында жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады. 1-жартыжылдық қорытындысымен 91 нысан немесе 188,3 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі жөндеу, 169 шақырым орташа жөндеу, 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері. Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жететін болады. Қала әкімі жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Previous Post

Түркістан облысының құрама командасы үстел теннистен жүлделі бірінші орынға ие болды

Next Post

В Шымкенте завершается строительство жилья

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі