13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жаңа кәсіпорын ашылады

29 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жаңа кәсіпорын ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте биыл шыныдан шыны конструкциялар өндіретін жаңадан «Авангард» зауыты ашылады. Қала әкімі аталмыш кәсіпорынға барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. 5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда. Айта кетейік, қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 15 жаңа жоба таныстырылды. Кәсіпкер Абжанов қалада құрғақ құрылыс қоспаларын және лак-бояу материалдарын өндіретін зауыт ашуды көздейді. 500 млн теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 1200 дана өнім болмақ.2022-2024 жылдары жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 200 адам жұмыспен қамтылады. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 5 гектар жер телімін беру туралы шешім қабылданды. «AINUR GROUP» ЖШС-ы 3D панелді өндіру зауытын салмақ. 500 млнтеңгені құрайтын инвестициялық жоба жылына 28 мың дана панель шығаруға мүмкіндігі болады. 2022-2024 жылдары жоба жүзеге асырылса 10 жаңа жұмыс орны құрылады. Нарықта жүрген кәсіпорын өндірісін кеңейту мақсатында қала әкіміне индустриалды аймақтан 1 га жер беруді сұрады. Шаһар басшысы жобаны қолдап, тиісті сала басшысына жер беру туралы тапсырма берді. Қара қорғасын және цемент мыс өндіретін зауыт – 8 млрд теңгелік инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылады. Арнайы экономикалық аймақтан 5 га аумақ берілмек. Жылына 8 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын іске қосылса 350 адам жаңа жұмысқа орналасады. Құжаттарын рәсімдеу бойынша тиісті министрлікке өтініш жолданған. Штаб отырысында мұнан өзге ылғалды майлықтар шығаратын фабрика ашу, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу, жылыжай кешенін салу, балабақша мен жүзу бассейні бар спорт кешені, мектеп салу секілді жобалар қаралды. Қала әкімі М.Әйтенов әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте алюмин банкілер шығаратын зауыт жұмыс істейді

Next Post

Шымкентте жастар бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі