13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

СӘУЛЕТІ ЕРЕКШЕ САЯБАҚ

15 июня, 2020
in Қоғам
0
СӘУЛЕТІ ЕРЕКШЕ САЯБАҚ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан шаһарында құрылыс жұмыстары карантинге қарамастан қарқынды жүріп жатыр. Әр нысанның алдында межелі уақытта біту дейтін үлкен жауапкершілік пен нақты жоспар тұр. Осы ретте қала тұрғындарына таныстырғалы отырғанымыз атаулы құрылыстардың бірегейі саналатын «JIBEK JOLY» саябағы.

Саябақ Шымкент қаласы бағытынан кіреберіс сол қанатта, нақтылап айтар болсақ, Бекзат Саттарханов даңғылының оң қанатына орын тепкен. Құрылыс жұмыстары бітуге аз қалған, ауқымды жоба 30 гектар аумақты алып жатыр. Оның ішінде 12.5 гектары аттракциондар саябағы ретінде жобаланған. 5 гектары аллея жұмысы болып табылса, қалған 12.5 гектары ландшафты серуендеу аймағы болып саналады.

Әлемдік тәжірибелерді көзде ұстай отырып шаңырақ көтеріп жатыр деуге болады. Көршілес Ресейдің Краснодар қаласында салынған «Краснодар» саябағы осының баламасы. Жер көлемі жағынан 22.7 гектар аумақты алып, толып жатқан ерекшеліктерімен әлем назарын аударыпты. Ал киелі қаладағы саябақта өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен тұрғындар көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Тамаша демалыс орындардың біріне айналатын жобаның орналасу аумағын пайыздық көрсеткіш бойынша пайымдай кетейік. Бұл жерде 70%- ды құрайтын еркін серуендеу аймағы келушілерді бірден өзіне тартады. Барлық жағдай жіті қарастырылған. Көркі көз тартатын тамаша көріністер, отырып демалатын орындықтар, аркалар, алуан түс шығарып аспанға атылып тұратын субұрқақтар, ескі заманды есіңе түсіретін түйелі керуендер мүсіні секілді бар кереметтер орналасқан. Жарық бағаналары да ерекше түс алған. 25%-ын алып жатқан демалыс орнын да жаяу жүргіншілер жолы, теннис үстелі, футбол, баскетбол алаңдары, веложолдар салынған. Балалардың емін-еркін ойнап, сейілдеуін қамтамасыз ету бағытында түрлі-түсті ойын алаңшалары да бар. «Ертегілер әлемінде» деп аталатын арнаулы орын ойластырылған. Енді қалған 5% келушілер үшін автотұрақ қызметін атқарады. Сонымен бірге сусын, шай, кофе секілді ішіп-жем сатылатын кіші бутиктер жұмыс жүргізетін болады.

Саябаққа барушыларды бірден таңғалдыратыны аспанмен таласып тұрған еңселі есік болатыны күмəнсіз. Таңғала және қызыға аяқ басқандарды өзіне жетелейтін тағы бір орын орталық алаңдағы «Әлем шатыры» мұнарасы. Айналмалы тас жол арқылы төбесіне шыға қалсаңыз төңіректің төрт бұрышына көзіңіз жетеді. Ол бейне бақтың дүрбісі секілді. Қай жерге қандай нысандар орналасқан, қай төңіректен бастап қыдыруға болады деген сұрақтың бәріне жауап табылады.

Енді бір айта кететіні сумен қамтамасыз ету жүйесі толығымен автоматтандырылып, көгалдандыру жұмыстары да тыңғылықты орындалған. Әлемдік экологияда сирек кездесетін ағаштар, гүлдер, шыршалар егілген. Құмарыңнан қанғанша ойнауға болатын ойын алаңшалары, тамашалайтын нысандар жүйелі бой көтерген.

«Мың естігеннен бір көрген артық» дейтін аталы сөз бар. Осы оймен қарағанда біз керемет саябақ хақында жеткізе айтсақ та, барып көзбен көруге тура келеді. Біздің білетініміз көргендер де, көрмегендер де арманда. Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарының тапсырысы бойынша бой көтеріп жатқан саябақ жұмыстарының көбі бітіп, азы қалған. Биылғы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 

Үмітбек БАҒДАТ.

(yassy-tur.kz)

Previous Post

АДАЛДЫҚ ТАҚЫРЫБЫН АРҚАУ ЕТКЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

Next Post

“САНАЛЫ ҰРПАҚ” ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі