13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Қарамұрттың белсенділері атқарған жұмыстары мен ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді

19 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Қарамұрттың белсенділері атқарған жұмыстары мен ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Ұ.Сәдібеков Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу Орталық саябақта ашық диалог форматында өтті.

Алдымен аудан әкімі тұрғындарымен өткізген ағымдағы жылдың ІІ тоқсанындағы кездесу барысында №6 Киров атындағы жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп атауын ауыстыру, ауылда спорт саласын дамыту үшін 1 бірлікті қарастыру, «Кент Балдыберек» каналынан өтетін ағын су мәселесін шешу туралы көтерілген болатын. Бүгінгі таңда осы 4 мәселенің 2-уі шешімін тауып, 2 мәселе бақылауда тұрғанын түсіндірді.

Кездесу кезінде ауыл белсенділері ойларын ортаға салып, өздерінің атқарған жұмыстары мен ұсыныстарын жеткізді.

Ауылдық округінің төбе биі А.Маннанов қоғаммен өткізілетін кездесулер мен ондағы өзекті мәселелер бойынша талқыланатын тақырыптарға тоқталды. Бастысы, ауылдың жағдайына, тыныштығы мен тазалығына мән беріле отырып, көрші ауылдың ақсақалдары мен белсенділерімен бас қосу арқылы жақсы қарым-қатынас орнағанын тілге тиек етті. Ендігі кезекте, орталық Ғ.Ғулам және Жеті мама көшелерін жөндеуді, сонымен қатар кейбір көшелердің жол құрылыстарын жүргізуге қаржы қарастыруды ұсынды.

Ауыл жастарын спортттан республикалық жарыстарға дайындап, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген бапкер И.Джаманов сөзге шығып, спортты дамыту жағынан өзінің ой-пікірін жеткізді.

Қарамұрт ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Д.Бегалиева отбасын сақтау мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, жастар тәрбиесі жайында халыққа тұрақты түсіндірілетінін әңгімеледі.

Ауылдық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Б.Шарипбаев тұрғындарды сапалы интернет желісімен қамту қажет екенін сөз етті. Бүгінгі таңда «LUNNY COM» және «Qazaqnet» ЖШС-тері бірігіп, елді мекендерде республиканың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының интернетке қолжетімділігі және интернет жылдамдығын арттыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. 40 тұтынушы радиорелелік байланыс жүйесі арқылы келісімшарт негізінде сапалы интернет байланысымен қамтылды. «Qazaqnet» ЖШС-і тарапынан 10 млн. теңге көлемінде инвестиция тарту және 5-10 адамды жұмысмен қамтуды жоспарланып отыр. Осыған байланысты ауылда оптика кабельдерін көшелерге орнату үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан көше рұқсат беруді сұранды.

Қарамұрт ауылының бас имамы Ш.Мирзеевтің пікірінше, ауыл аумағында 2 мешіт, 2 намазхана бар. Бүгінгі таңда «Каланбаб» мешіті ғимаратын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілген көмектермен қатар, демеушілер және тұрғындар тарапынан асар жолымен мазараттардың аумағы қоршалып, тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ретке келтірілді.

Мұнан бөлек, тұрғындар жолға асфальт, тас төсеу, электр жарығымен қамту, жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарын қадағалау және тағы басқа маңызды мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі және тиісті сала басшылары тарапынан сұрақтарға қатысты нақты жауаптары беріліп, талқыланған өзекті мәселелер бақылауға алынды.

Ауыл ақсақалы аудан басшыларына батасын беріп, ауылдың дамуына қосып отырған үлестері үшін алғысын жеткізді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

В Шымкенте более 10 тысяч граждан приняли участие в мерах содействия занятости

Next Post

Түркістан: Мақта дақылын суғару жұмыстарын жеделдету қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі