13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мақта дақылын суғару жұмыстарын жеделдету қажет

19 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мақта дақылын суғару жұмыстарын жеделдету қажет
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласында кеңейтілген жиын өтті. Күн тәртібінде ақ ұлпалы алқаптарды уақытылы суғару мәселесі қозғалды.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлы мен “Қазсушар” РМК Жетісай аудандық бөлімшесінің басшысы Орынбасар Тастанов, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы Марат Абуов, ауылдық округ әкімдері мен жер мамандары, су қауымдастық төрағалары мен шаруалар қатысты.

“Ағымдағы жылдың су пайдалану кестесінің жоспарында “Достық” магистральды каналынан шілде айының II он күндігінде 50 м3/сек, III он күндігінде 55 м3/сек ағын су алу лимиті қарастырылған. Дегенмен, қазіргі таңда аудан шаруаларының сұранысы небәрі 31 м3/сек құрап отыр. Ағын суға шаруалар тарапынан сұраныстың болмауынан тамыз айынан бастап Өзбекстан Республикасы ағын су лимитін қысқартуы мүмкін. Осыған орай жетісайлық шаруалар дәл қазіргі сәтте ешбір кедергісіз келіп жатқан суды тиімді пайдаланып, егістік алқаптардағы вегетациялық жұмыстарды жеделдетулері керек” деді аудан басшысы Мұрат Болатұлы.

Аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлының айтуы бойынша шаруалар мақта зиянкестерінен қауіптеніп ақ алтын дақылын ағын судан тарықтырса гүлдер мен шанақтардың,көсектердің жаппай түсуіне алып келеді. Сондай-ақ, шілде суын дұрыс алмаған дақыл мол өнім бере алмайтындығын шаруаларға жеткізіп, су қауымдастықтары мен округ әкімдеріне тез арада ағын суға сұраныс беріп, жаппай суғару шараларын қолға алуға шақырды.

Айта кетейік, Жетісай ауданында алдағы аптада аптап ыстық күтілуде. Казгидрометтің хабарлауынша сынап бағанысы 40-46 С жетуі мүмкін. Бүгінгі таңда суғарылған мақта алқабы 4700 га.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Қарамұрттың белсенділері атқарған жұмыстары мен ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді

Next Post

«Қазақстан халқына» қоры мен қалалық әкімдік арасында меморандум түзілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі