Аудан аумағында қоқыстарды орналастыру мәселесі өзекті болуына және полигондар санын ұлғайту қажеттілігіне байланысты Қайнарбұлақ ауылдық округінде ҚТҚ-ы тастайтын полигон ашу үшін Тоған елді мекенінің маңайынан 10,0 га жер учаскесі қарастырылып, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Аудан бюджет есебінен 6,6 млн. теңге қаражат қарастырылып, жобалаушы мекеме “Арх-комплекс” ЖШС-і тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінгі таңда полигон құжаттамасы экологиялық сапартама дайындалуда. 2022 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс. Экологиялық сараптама жасалғаннан кейін ЖСҚ-ы мемлекеттік сараптамасының қорытындысын алуға құжаттары тапсырылады.
Келесі мәселе бойынша Сайрам Тазалық ЖШС-нің директоры Ж.Матов ауылдық округтері тарапынан ауыз су тұтынушыларының қарыздары бойынша атқарылған жұмыстардың барысын мәлімдеді. Өз сөзінде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 15 шілдеге дейінгі берешек қарыздар бойынша жүргізілген төлемдерді талдағанда, ең төмен болып отырған Ақбұлақ, Көлкент Қарасу және Қайнарбұлақ ауыл әкімшіліктерін атап өтті.
Мәжілісте аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиев Қарабұлақ ауылындағы сектордағы заңсыз құрылыс бойынша атқарып жатқан жұмыстарды таныстырды. Алгоритмнің талаптарына сай, Қарабұлақ ауылындағы заңсыз құрылыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында Сайрам ауданы әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылып, Қарабұлақ ауылы 7 секторға бөлініп, жауаптылар бекітілген.
Ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде 40 заңсыз құрылыс анықталып, оның ішінде 9 құрылыс мемлекет меншігінде, 22 шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтердің жерлерінде салынғандығы анықталды. Нәтижесінде 18 құрылыс иелеріне әкімшілік шара қолданылып, қалған 38 тұлғаға белгісіз себептермен шара қолданылмауына байланысты хаттар қайта жолданылды. Ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде 9 құрылыс иесі анықталып, назарға алынған.
Бүгінгі таңда қолданыстағы заңдармен орын алып отырған заңсыз құрылыстарды тоқтатуға, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында дереу әрекет етуге мүмкіншілік болмай отырғанын, сондай-ақ әкім аппаратымен негізсіз әкімшілік шара көрілмей, атқарылған жұмыстар нәтижесіз қалып отырғанын тілге тиек етті.
Мәжіліс соңында аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, заң аясында нақты жұмыс атқаруды, салаға жауапты әкім орынбасарларына тиісті шара көру мақсатында бақылауларына алуды тапсырды.
Одан бөлек, орталықтың жұмысын жалғастыру үшін Ақсукент ауылындағы Орталық саябақтағы «Неке Сарайына» уақытша көшірілуіне байланысты қажетті жағдай жасап, қамтамасыз ету мәселесі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндетін уақытша атқарушысы А.Жақыпбековке тапсырылды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі




