Бүгін аудан әкімі Уласбек Садибеков кешегі жексенбі күні Ақсукент ауылдық округінде «Светофор» супермаркеті және «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і орналасқан ғимаратының шатырында орын алған өрт оқиғасына тоқталды.
Осы өрт оқиғасы кезінде аталған орталықтың маманы, Шіркін ауылының тумасы Қансейт Мұхамед Абылхасымұлы өзінің денсаулығына қауіп төнуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы және Елтаңбасын өрттен құтқару үшін дер кезінде және өз еркімен әрекет етіп, өрттен алып шықты.
Аудан әкімі М.Қансейтті арнайы шақырып, құттықтады.
Өз сөзінде: «Құрметті Мұхамед! Сол күні ғимараттың үстін қызыл жалын алып, қара түтін шыққан уақытта өзіңіз ержүректілік, ерлік пен отаншылдық қасиеттеріңізді танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Бұл нағыз батырлық. Барша жастарға, азаматтарға үлгі боларлық тірлік жасадыңыз. Алдағы уақытта болашағыңыз жарқын, аспаныңыз ашық, еңбегіңіз жемісті болсын! Сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін», — деген жылы лебізін жеткізіп, сыйлығын табыстады.
Сонымен қатар, Республикалық байқауда ауданымыздың іскер әйелі марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауының өтті. Бауқауда Сайрам ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шаттық Бекзатова Нұр-Сұлтан қаласының, Тәуелсіздік сарайындағы өткен конференцияда Қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін “ҚР Еңбек сіңірген қызметкері -2022” атты төсбелгісімен және » І Дәрежелі» дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, өмірлік дариясымен жасаған еңбектерінің көріністері, тәуелсіздік жылдары өз мамандығының шеберлігі мен республикамыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау мақсатындағы шыққан «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері- 2022» атты энциклопедияға басылып шықты.