13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай: Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда

23 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Жетісай: Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында екі жақты меморандумға қол қойған болатын. Бүгінде осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін, қала орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда, кафе мен ойын-сауық орталықтарында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты — балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және беймезгіл уақытта жасөспірімдердің түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орталықтарында заңсыз жүруіне жол бермеу.

Рейд барысында көңіл көтеру орындары, дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыттары тексерілді. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер ұсталып,аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, Жетысай АПБ ювеналды полиция тобымен 132 — бап 1 бөлігімен және 442 — бап 1 бөлігімен әкімшілік хаттама түзіліп, тиісті шаралар қолданылды.

Олардың ата – аналарына баламен жұмысты күшейту керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айыппұл салынып, бала тәрбиесін қадағалау керектігі ескертілді. Сонымен қатар

«Оқуға құштар мектеп» жобасы – жас өркеннің кітап оқудан қол үзіп, интернет ойындары мен әлеуметтік желіге тәуелділігін қалыптастырған, көңілге алаң салған тұсында дер кезінде қолға алынған керемет бастама болды. Осындай өзектілігінің, қоғам талабына сай болуының арқасында ол көпшілік ішінде тез қолдау тауып, жоғары қарқынмен іске асырылды.

Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы ✓34 жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, көркем шығарманы талдауды үйрету, оқырман талғамын қалыптастыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Осы орайда білім мекемесінде жүйелі түрде Б.Соқпақбаевтың «Менің атым — Қожа» повесі, Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романы және Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің желілері бойынша «Оқырмандар бәйгесі» өткізілсе, әр апатаның сәрсенбі күні «Сыныппен кітап оқу» күні болып бекітілді. Сонымен қатар, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы да өз деңгейінде ұйымдастырылып, әріптестер мен мектеп қонақтары кітапхана қорын молайтуға игі үлестерін қосты.

Алдағы оқу жылында да осынау игі бастама жалғасын тауып, мазмұнды да қызықты, тағылымға толы іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Previous Post

Шымкентте заманауи үлгідегі «VIVA» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Next Post

Түркістан: Кәсіпорын ірі көлемде өнім өндіруге қауқарлы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі