Талғамы биік жандар үшін қуанышты жаңалық. Шымкент қаласында «VIVA» тұрғын үй кешені бой көтерді. Заманауи үлгідегі көпқабатты үйді «ORDA INVEST» компаниясы салған. Аталған компания тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына басымдық береді. Яғни балалар алаңшалары, қауіпсіз аулалар, ыңғайлы баспалдақ, ішкі әрлеу жұмыстары мен өрт сөндіру жүйелері үшін толықтай сапалы материалдар таңдалған.Осы арқылы компания халықтың берік сеніміне ие болған.
Адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи үлгідегі тұрғын үйлер бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бой көтерген. «VIVA» тұрғын үй кешені құрылыс компаниясының үшінші мегаполистегі алғашқы жобасы. Компания өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй салынып бітпей жатып, барлық пәтерлер сатылып кеткен. Бұл клиенттердің құрылыс компаниясына деген сенімінің нәтижесі.
Шымкентте жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Игі шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, пәтер иелерін қуанышымен құттықтады. Одан бөлек, пәтер сатып алушылар арасында лоторея ойнатылып, бағы шапқан тұрғынға 3 млн теңге табысталды. Ал, лотореяның жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрады.
Бизнес-класс санатындағы «VIVA» тұрғын үй кешені 9 қабаттан тұрады. Әр қабатта 4 пәтер бар. Тұрғын үй кешені монолитті, «ЭКОТОН» фирмасының газоблогымен тұрғызылған. Сондай-ақ, дыбыс оқшаулайтын терезелер мен электронды құлыпы бар кіреберіс есіктер орнатылған. Әрбір пәтер иесі өз үйіне «ақылды құлып» арқылы, жеке есік кодын енгізіп кіреді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған.
«VIVA» тұрғын үй кешені тұрғындарға ыңғайлы жерде орналасқан. Үй маңында балалар алаңшасы, мектеп, балабақша, супермаркет, спорт кешені мен монша бар.
Жалпы «ORDA INVEST» тұрғын үй және жылжымайтын мүлік нарығында 2016 жылдан бері жоғары деңгейде қызмет көрсетіп келеді. «ORDA INVEST» компаниясының басты мақсаты халықтың сенімін ақтау.