13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік спортшылар 6 айда 500 алтын медальге ие болды

26 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік спортшылар 6 айда 500 алтын медальге ие болды
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін денешынықтыру және спорт басқармасының 1-жартыжылдық есебін тыңдады. Басқарма басшысы Б.Тұманбаев шымкенттік спортшылардың жетістіктері мен алдағы жоспарларды баяндады.
Биыл алты ай қорытындысымен, 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 148 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 232 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Қала спортшылары спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында қала спортшылары 39 алтын, 18 күміс және 24 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 28 алтын, 15 күміс және 8 қола медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназия ойындарында 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Европа чемпионаттарында 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңді.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысты. Нәтижесінде Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды.
Қала басшысы олимпиада резервін даярлайтын мектептердің жұмысын қолға алуды, бұқаралық спортты дамытуда түсіндіру, жан-жақты ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, болашақ чемпиондарды дайындау мақсатында қалада тегін спорт үйірмелері де жұмыс істеуде. Оған қатысу үшін ата-аналар арнайы платформаға өтінім қалдырса жеткілікті. Қазірше бұл жүйеде қаладағы 37 спорттық ұйым тіркелген. Олар 4 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді спорттың 14 түрі бойынша жаттықтырады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Төлеби ауданында жеңіл өнеркәсіп саласы өркендеп келеді

Next Post

Түркістан тағы да жаңа нысандармен толығатын сәт жақын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі