13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Tartyl fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

26 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Tartyl fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы амфитеатрда «Tartyl fest» фестивалі өтті. Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев пен жоба амбассадоры, жаттықтырушы Айтым Жақыпов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Dara» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен дүбірлі сынға 270-ке жуық адам қатысты. Олардың арасында 3 егіз спортшы да болды. Жарысты ұйымдастыруға Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» айрықша үлес қосты.

Жалпы түркістандықтар арасында турникке ең көп тартылу көрсеткіші 36 болды. Бұл көрсеткішке 18-30 жас аралығындағы үміткерлер сайысында бақ сынаған Қасымбек Нұржігіт қол жеткізді. 18 жасқа дейінгілер арасында Құдірет Әзретәлі, Шахизинда Берік және Рахматулла Мұстафа топ жеңімпаз болды. Оларға 200 мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. 18-30 жас аралығындағы сайыста Зулқайнаров Жұмадулла, Қасымбек Нұржігіт және Әділов Досболат жеңімпаз атанды. Ал 30 жастан үлкендер арасындағы сында Орынтай Нұрболат, Жанғали Әлжанов және Ерболат Бимурзаевтың мерейі үстем болды. Сонымен бірге екінші және үшінші орын алған жалпы 18 спортшы марапатталды. Бірқатар қатысушыға арнайы марапаттар ұсынылды. Мүмкіндігі шектеусіз жан Данияр Мажитов пен сайыстың ең жасы үлкен үміткері Дадажан Сүлейменовке және ең жас қатысушы Надия Садықоваға арнайы сыйлықтар берілді. «Алаш прайдтың» Түркістан облыстық филиалының президенті Мұрат Аханов та өз атынан екі үміткерге құрмет көрсетті. Жүлдегерлерді «Dara» дарындыларды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған азаматтар марапаттады.

Жалпы сайыста Түркістан өңірінің білекті, жүректі өрендері турникке 4575 рет тартылды. Алты жастағы баладан бастап 70 жастан асқан үміткерлер қатысқан дода 4 сағатқа созылды. Сайыстың 9 жеңімпазы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алды. Ал ол сында жеңіске жетсе, Street Workout жаттығулары бойынша әлем чемпионатына қатысады. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық бәсеке танымал әнші Мирас Жүгінісовтің концертімен түйінделді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент 2024 жылы 100 пайыз мобильді интернетпен қамтылады

Next Post

Түркістан: Арыста зағип жандар арасында «Өнер әлемі» атты байқау өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі