13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Бай, қуатты болайық!» көшпелі көрмесі ашылды

26 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Бай, қуатты болайық!» көшпелі көрмесі ашылды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымал тележурналист  Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бай, қуатты болайық!» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады. Тағылымды шараның ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың атынан жиынға қатысушыларға құттықтауын жеткізді.

–Қазақ журналистикасының, оның ішінде қазақ телевизиясының тарихында, қалыптасу және даму барысында Нұртілеу Иманғалиұлының алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда ақпарат және медиа кеңістігінде елге қызмет етіп жүрген көптеген журналистирге аға болған, ұстаз болған Нұр-ағаның тұлғасы қашанда қазақтың биігінде болады, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

–Бұл іс-шара Нұртілеудің көзі тірі кезіндегі өз арман-мақсаты болатын. «Жетпіске толғанымда елдің түкпір-түкпірін аралап көрермендеріммен кездесемін, арқа-жарқа араласамын, білгенімді жастарға үйретемін», — деген ниетте еді. Өкінішке орай, ол арманына жете алмады. Ол ғұмырының 45 жылын қазақ телевизиясына арнады. Соңында келе жатқан біздер Нұртілеудің мұратын жүзеге асырсақ деген әрекетпенен жүрміз. Осы шараның өтуіне қолдау білдірген Шымкент қаласының әкімдігіне, Түркістан облысы мәдениет басқармасына алғысымыз шексіз. Қала тұрғындарын Нұртілеу Иманғалиұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңінен хабардар ететін көрмеге шақырамын», — деді белгілі журналистің жары Қарлығаш жеңгей.

Көрме бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен. Алдағы уақытта көрме керуені Қазақстанның басқа да қалаларына көш басын тіремек.

Айта кетейік, Шымқалада «Бай, қуатты болайық!» көрмесі екі апта бойына жалғасады.  Телевизия тарланы Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды. Онда біртуар тұлғаға тиесілі 170-тен астам жәдігер қойылды. 50 жылға жуық журналистика саласында еңбек еткен Нұртілеу Иманғалиұлы 1952-жылы 1-ші мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.

Previous Post

Түркістан: Келесте құны 12 млн. долларды құрайтын күн электр станциясы салынады

Next Post

Шымкент 2024 жылы 100 пайыз мобильді интернетпен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі