13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің бас жоспарына қатысты тұрғындардан 149 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті

20 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің бас жоспарына қатысты тұрғындардан 149 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын ашық қоғамдық талқылау мәресіне жетті. Бір ай бойы жалғасқан талқылауға 2 мыңнан адам қатысып, 149 ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.–Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстардың арасында ең жиі қозғалғаны  инженерлік жабдықтау және қоғамдық көлікті дамыту мәселесі. Бұл бағытта 30 ұсыныс пен сұрақ түскен. Сондай-ақ, қала аумақтарын абаттандыру және саябақ салу жөнінде 24 ұсыныс болса, қоршаған ортаны қорғау бойынша 11 ұсыныс түсті. Қабылданған ұсыныстар салалар бойынша құзіретті мемлекеттік органдармен бірге сараланады. Сөйтіп олармен келісе отырып бас жоспардың жобасына өзгерістер енгізілуі мүмкін, – деді Мақсұт Пернебайұлы. Айта кетейік, жоғарыда айтылғандардан бөлек қызыл сызыққа қатысты – 9, ЖОО, мектеп, балабақша және емхана, музей салу жөнінде – 9, спорт және демалыс орындарын салу туралы – 9, Нұршуақ шағынауданында саябақ аумағын қайта құрау бағытында – 5 және көпқабатты үйлер салу мәселесі бойынша 3 ұсыныс түскен. Оған қоса тұрғындарды қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріс аймақтарын салу және сәулет-жоспарлау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері де мазалайды екен. Бұл бағыттардың әрқайсысы бойынша көптеген ұсыныстар мен сұрақтар түскен. Талқылау барысында тұрғындар бас жоспарға қатысы жоқ 21 ұсынысын да айтыпты. Ал Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас кәсіпкермен сұхбат» айдары айдары өткізілді. Айдарымыздың басты кейіпкері «@five_girls_salonkrasoty» негізін қалаушы, жас кәсіпкер — Балқияева Айтолқын Ержанқызы. Жобаның мақсаты: Қаламыздағы жас кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыз жастардың  санын азайтып, өз кәсібін ашуға баулу. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастауға болатындығын насихаттау.

Previous Post

Қала әкімі "Стандарт" индустриялды аймағына барды

Next Post

Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі