13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі «Стандарт» индустриялды аймағына барды

20 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі «Стандарт» индустриялды аймағына барды
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейтуді тапсырған болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласында «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Қала әкімі аталмыш аймаққа барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың ш.м дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың ш.м қойма алаңдарын салу жоспарланып отыр. 30 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға дейін 3 кезең бойынша жүргізіледі.

М.Әйтенов тиісті сала басшыларына инженерлік- инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының кешіктірілмеуін назарға алып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Ал №50 мектеп жаңа кейіпке енеді. Қала әкімінің бүгінгі аралауы күрделі жөндеу жүріп жатқан №50 мектептен басталды.

Мұндағы құрылыс жұмыстары биылғы оқу жылы аяқталған кезде басталған. Есік-терезелер, жылыту және электр желілері, шатыры ауыстырылады. Барлық бөлігі сырланып, абаттандырылады. Бүгінде жұмыстың 40 пайызы орындалған. Толығымен жыл соңына дейін аяқталады.

Қала басшысы жұмысты сапалы әрі тездетіп жүргізіп, мүмкіндігінше жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар  №50 мектеп жаңа кейіпке енеді. Қала әкімінің бүгінгі аралауы күрделі жөндеу жүріп жатқан №50 мектептен басталды. Мұндағы құрылыс жұмыстары биылғы оқу жылы аяқталған кезде басталған. Есік-терезелер, жылыту және электр желілері, шатыры ауыстырылады. Барлық бөлігі сырланып, абаттандырылады. Бүгінде жұмыстың 40 пайызы орындалған. Толығымен жыл соңына дейін аяқталады.

Қала басшысы жұмысты сапалы әрі тездетіп жүргізіп, мүмкіндігінше жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қаратау жастарына ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Next Post

Шымкенттің бас жоспарына қатысты тұрғындардан 149 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі