13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

16 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда белгілі сазгер, Шардара ауданының «Құрметті азаматы», әнші Лесбек Амановтың өмірі мен шығармашалығына арналған «Қара бауыр қасқалдақ» атты музыкалық әдеби кеші өтті. Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында өткен кеште сазгердің әндері жинақталған жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Шығармашылық кеш «Созақ» триосы әдемі әнімен басталып, Лесбек Амановтың мол мұрасы жайлы естеліктермен жалғасты. Құттықтау сөз алған Облыстық мәдениет басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірхан: «Лесбек Амановтың әрбір туындысы ел арасында кеңінен танылып, халық әніне айналып кетті десек болады. Ұзақ уақыт бойы өңір мәдениетіне аянбай қызмет етіп, қазақ ән өнеріне зор еңбек сіңірді. Өміршең әндерін насихаттау біздің парызымыз» — деп, кей әндерінің шығу тарихына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының басшысы Мейіржан Алиакбаров та өз сөзінде сазгердің ән әлемі мен кітаптың шығу барысы жайлы айтып өтті, сондай-ақ ән сүйер қауымды құттықтады. Содан соң зиялы қауымның қатысуымен жаңа ән жинақтың тұсауы кесілді. Бұл кешті белгілі ақын, термеші Әбдіғаппар Айдаров жүргізіп отырды.

Әсем кеште сазгердің елімізге танымал үздік әндерін облыстан шыққан өнер иелері орындап шықты. Шардара ауданының облыс орталығындағы мәдениет күндері аясында өткен аталмыш шара мақсаты Түркістан өңірінен шыққан тұлғалардың еңбегін дәріптеу арқылы қазақ ән өнеріне үлес қосу және ел арасында сазгер туындыларын кеңінен насихаттау болып табылады.

Айта кетейік, Лесбек Амановтың 100-ден аса әнi бар. Оның ішінде «Армандастар», «Ақ торғын», «Шолпанға сағыныш», «Шаңырағыңды шайқалдырмай сақтап қал», «Дүние-ай», «Жас келіннің сәлемі», «Әке мейірімі», «Біздер де ғашық болғанбыз» және басқа да әндер бар. Ал Желтоқсан оқиғасына байланысты Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған «Қара бауыр қасқалдақ» әні Лесбек Амановтың есімін барша қазаққа танымал етті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

М.Әйтенов коммуналдық қызмет көрсетушілерге ескерту жасады

Next Post

Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері тоғызқұмалақтан күміс жүлдеге қол жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі