13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан : Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

11 июля, 2022
in Қоғам
0
Түркістан : Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған семинар-тренинг өткізуде. Оған Түркістан облысының ауыл және ауыл әкімдері, сондай-ақ партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысуда. 14 шілдеге дейін жалғасатын семинар-тренингте өңірдің 64 ауыл әкімі біліктілігін арттырады деп жоспарлануда.

Жиынға қатысушылар аймақтағы кәсіпкерлікті дамытудың негізігі тетіктерін меңгеріп, іс жүзінде жүзеге асыруды көздеуде. 3 күнге созылатын семинардың алғашқы күнінде ауылдың экономикалық бәсін сауалнама жүргізу арқылы анықтаудың тың жолдарын өңір әкімдері практикалық тұрғыда іске асыруды жоспарлап отыр. Солардың бірі Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылының әкімі Ләззат Нұртаева ауылдың мамандануына арналған дәрістердің өзіне ұнағанын айтты. «Ауыл тұрғындарының мамандануын айқындау мен ауылдық округтердің әл-ауқатын бизнес идеяларды іске асыру арқылы арттыруда көшпелі 3 күндік семинар сабақтардың үлкен септігін тигізеріне сенімім мол. Себебі, семинар арқылы алған білімізді ел игілігіне жұмсар болсақ, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік жобасына да оң ықпалын тигізері анық»-деді Ләззат Лесбекқызы.

Ал семинар оқытушысы, бизнес-тренер Ержан Хангелдиев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан семинарда ауылды жердегі табысты арттыруға арналған бизнес-жобаларды іске асырудан бөлек, қаржылық сауаттылығын ілгерілетуге арналған білімін аймақ әкімдерімен бөлісіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол, сабақ барысында өңір әкімдерінің өз аймақтарының экономикалық әлеуетін көтеруге арналған бизнес-идеяларымен бөлісіп, белсенділік танытып жатқанын айтты.

3 күнге жоспарланған дәріс барысында  білімін жетілдіретін ауыл әкімдері семинар нәтижесінде ауыл бизнесіне өз бетінше скрининг жасауды ұйымдастырып, экономикалық тиімді бизнес-жобалардың тың әдістерін меңгеретін болады.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANATТүркістан облысы
Previous Post

Түркістандық ескек есушілер жүлделер бойынша рекорд орнатты

Next Post

Түркістан: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу жолдары артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі