13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістандық ескек есушілер жүлделер бойынша рекорд орнатты

10 июля, 2022
in Спорт
0
Түркістандық ескек есушілер жүлделер бойынша рекорд орнатты
Share on FacebookShare on Twitter

Теміртау қаласында академиялық ескек есуден Қазақстанның командалық чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 4 аймағының ең үздік 146 спортшысы қатысты.

Түркістан облысы құрамасындағы су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ спортшылары сарапқа салынған 16 алтын медалдің 8-ін жеңіп алды. Сонымен қатар 5 күміс және 5 қола жүлде еншіледі. Атап айтсақ, Яковлев Владислав, Чернухин Иван, Цатышаев Байсангур, Афанасьев Александр, Керімбек Әділет, Бекбембетов Қуаныш

Фаритов Руслан, Галкин Владислав сынды жігіттер түрлі сайыс бойынша чемпион болса, әйелдер арасында Волкодавова Валентина мен

Носкова Екатерина топ жарды.

Жалпыкомандалық есепте Түркістан өңірінің өрендері 8 алтын, 5 күміс, 5 қола олжалады.

Жеңімпаздарды білікті бапкерлер — Михаил Ковалев, Руслан Фаритов, Артем Бекмачев және Станислав Дьяченко даярлады.

Қазақстан чемпионатына еліміздің үш облысы мен бір қаласынан спортшылар қатысты. Атап айтар болсақ, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, сондай-ақ, Астана қаласының ескек есушілері өзара бақ сынады.

«Қазақстан біріншілігіне еліміздің төрт аймағынан 100-ден аса спортшылар қатысты. Осы турнир арқылы Жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелері таңдалып, спортшылардың дайындығы пысықталады. Сонымен қатар, осы турнир арқылы академиялық ескек есуден Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер спортшыларды бақылайтын боламыз. Спортшылар ел біріншілігінде 2 километрге 14 олимпиадалық бағдарлама бойынша жарысты», — деді ескек есуден мемлекеттік жаттықтырушы Александр Усачев.

Еске сала кетейік, Жазғы Азия ойындары Джакартада (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзескек есуспортТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды

Next Post

Түркістан : Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі