13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Этнос жастары «Қазақтану» жобасы аясында тарихи орындарды аралады

8 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Этнос жастары «Қазақтану» жобасы аясында тарихи орындарды аралады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында этнос өкілдерінің қатысуымен «Мәдениеттер калейдаскопы» экскурсиясы қолға алынған болатын. Аталған жоба аясында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өңірдегі Ассамблея құрылымдарының өкілдері тарихи орындарды аралады. Саяхатқа шыққан арнайы топтың құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов, Сауран аудандық филиалының басшысы Исахан Әжіхан және Кентау қалалық филиалының басшысы Ғалымжан Тәжібаев, сондай-ақ филиалдардың қызметкерлері, Қоғамдық келісім кеңесі мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері болды.

Экскурсия мүшелері алдымен сыры терең Сауран қалашығына ат басын бұрып, ондағы тарихи жәдігерлермен, ғасырлардан сыр шертетін құндылықтармен жан-жақты танысты. Бұл ретте, Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қасиетті өлкенің тарихи рөліне тоқталып, жастарға мол мағлұмат берді.

– Сауран туралы көп айтуға болады. Бұл мекен ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Тасын түртсең, тарихы сөйлейді. Сауран қалашығы кезінде қымыз бен шұбаттың отаны атанған. Бір кездері қаланы әйгілі қолбасшы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Жоңғарлар шабуылына да төтеп берген бұл шаһар. Қысқасы, тарихтың қатпар-қатпарына үңілдіретін мекен. Сауран ауданы құрылғалы бері ескі қалашыққа келгендердің қатары артып келеді. Мұнда қазір сапар орталығы салынып жатыр. Жаңа облыс орталығы қасиетті Түркістан жерінде түрлі этнос өкілдері қоныстанып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан аймақ бірлігінің жарқын үлгісі. Ең бастысы, өңір жұртшылығы татулықты ту етіп, терең бауырластықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді, – деді ардагер ұстаз.

Рухани құндылығы мол шара Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесінде жалғасты. Шара барысында туған жердің тарихына қаныққан саяхатшы топ бабалар рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ алған әсерлерімен бөлісіп, естелікке суретке түсті.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты

Next Post

Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі