13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты

8 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері рухани астанаға 1000-ға жуық шет елдік турист келді. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері қалаға 385 мыңнан астам турист келген. Сонымен қатар баяндамашы шаһардағы инвестиция көлемі артқанын мәлімдеді.

Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда инвестиция көлемі 100,2 млрд. теңгеден 115,1 млрд. теңгеге артқан. Өңдеу өнеркәсібі 6,31 млрд. теңгеден 6,62 млрд. теңгеге көбейген. Шағын орта бизнеспен айналысатын 2327 тұрғын тіркеліп, 1719 азамат жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Баға тұрақтылығын сақтау үшін 30 әмбебап дүкенде әлеуметтік бұрыш ашылды. Одан бөлек туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары да атқарылған. Туризм саласында оқитын студенттерге арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, қаладағы орналасу орындарының қызмет көрсетуі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ қала қонақтары мен туристердің демалуына жайлы да, қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс орталығында көгалдандыру жұмыстары құрылыспен қатар жүр­гізілуде. Қаладағы саябақтар мен гүлзарлар аумағы 500 гектарға жетеді. Ағаш пен бұталар саны 1 млн-нан асады. Көгал аума­ғы – 3 млн шаршы метр. 70 мың шар­шы метр жерге гүл егілген. Түркістан қаласының әкімі Нұр­бол Тұрашбековтің баяндауын­ша, биыл қала аумағында 250 мың ағаш көшеті мен 128 гектар көгал егілетін болады. Түркіс­тан­­ды көркейтіп, абаттандыру ая­сында қала секторларға бөлін­ген. Әр секторға аудан, қала әкім­діктері мен басқарма басшы­лары тікелей жауапты. Яғни Түр­кіс­тан облысының барлық аудан, қала­лары бірігіп, киелі қала аума­ғын көркейтуде. Көктемде 100 мың­нан астам түп көшет отыр­ғы­зылып, 130 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Өмірзақ Шөкеев: «Turkistan» телеарнасын халықаралық деңгейге көтеруіміз керек»

Next Post

Түркістан: Этнос жастары «Қазақтану» жобасы аясында тарихи орындарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі