13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Көптің тілегі қараусыз қалмайды

5 июля, 2022
in Cаясат
0
Көптің тілегі қараусыз қалмайды
Share on FacebookShare on Twitter

Парламент депутаттарының өңірлерге кезекті сапары аясында қала тұрғындарымен кездесулері жалғасын тапты. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,  «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ғани Ташқараев Ақжар елдімекенінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға көшбасшы партияның Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов қатысты.

Ақжарлықтар мәжілісменге бірқатар түйіткілді мәселелер бойынша сауал жолдап, тиісті жауаптарын алды. Мәселен, аталмыш тұрғын алаптың байырғы тұрғыны Сапар Төлегенов үшінші шаһардың қоқыс полигонынан жергілікті халықтың «тұншығып» жатқанын жеткізді. Оған қоса жаз маусымында қоқыс өртеніп, көк түтіннен көз ашпай қалатыны тағы бар. Тұрғын алаптағы тағы бір өзекті мәселе жаңа мектеп құрылысы екені де осы жиында айтылды. Халық саны күн санап артуда. Балалар Ақжардағы жалғыз мектепте үш ауысыммен оқуға мәжбүр.

—  «Бүгін кездесуде түрлі әлеуметтік мәселелер көтеріліп отыр. Халықты мазалап жатқан сұрақтардың басым бөлігі қоқыс мәселесі болып тұр. Жоспарға сәйкес елміздің 6 өңірінде қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігі күн тәртібінде. Алдағы күндері үшінші қаладағы полигонға барып өрттің шығу және оны сөндіру мәселесі бойынша «Green Line» ЖШС басшылығымен кездесу өткізуді жоспарға қосып отырмын. Сонымен қатар, Ақжар елді мекенінде тұрғындар саны жылдан жылға артып келеді. Сәйкесінше балалардың да саны артып, мұндағы жалғыз мектепте оқушылар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Осы мәселеге қатысты қалалық білім басқармасының басшысымен және аудан әкімімен келісіп, жаңа мектеп құрылысына жер бөлу бойынша сұрақтың шешімін қарастырамыз» — деді Ғани Әбдіғаниұлы.

Tags: %ани Ташқараев13kz13kz.kz13кзAMANAT
Previous Post

Шымкенттің көгінде домбыраның қоңыр  үні қалықтады

Next Post

Пробация қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі