13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің көгінде домбыраның қоңыр  үні қалықтады

4 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің көгінде домбыраның қоңыр  үні қалықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі кеште қасиетті домбыраның қоңыр үні  Шымкент қаласының көгінде күмбірлеп, шаһар тұрғындары мен қонақтарының құлағының құрышын қандырып, көңіліне қуаныш ұялатты.

Иә, жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде бүкіл елімізде Ұлттық домбыра күні мерекесі тойланады. Осыған орай Шымкент қаласындағы Астана алаңында «Ұлы дала мұрасы» атты мерекелік шара өтті.

—Домбыра жәй музыкалық аспап қана емес, мыңжылдықтарға ұласқан тарихымыздың қилы кезеңдерінде халқымыздың жан сырын, мұң-шері мен арман-мұратын жеткізіп, бойымызға рух дарытқан жан серігіміз. Қазақтың өнері мен мәдениетін домбырасыз елестету мүмкін емес. Осынау рухани мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында төрт жылдан бері Ұлттық домбыра күні атап өтілуде. Ендеше баршаңызды осынау тамаша мерекемен құттықтаймын, — деді Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Орынтаев.

Мерекелік шара барысында Шымкент қалалық мәдениет үйінің әртістері мен artsport.kz порталы арқылы жұмыс істеп жатқан шығармашылық үйірмелердің жас өнерпаздары, барлығы 300-ден астам домбырашы өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама аясында «Көңілашар», «Ерке сылқым», «Кеңес», «Сарыарқа» «Балбырауын» және өзге де халық арасында кеңінен танымал күйлер орындалып, ән мен биден шашу шашылды. Осылайша Шымкент қаласының көгінде күмбірлеп, шаһар тұрғындары мен қонақтарының құлағының құрышын қандырып, көңіліне қуаныш ұялатты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттегі Адырбеков көшесі ашылды

Next Post

Көптің тілегі қараусыз қалмайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі