13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібастықтар «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясын саурандықтарға жолдады

1 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Былтыр Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Түлкібас ауданында бастау алып, биыл «Балалар жылы» аясында жалғасын тапқан «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы аудандық мәдениет үйінде қорытындыланды. Ұлттық домбыра күніне орайластырылған шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев, Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Сәдібаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек, мектеп директорлары мен зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев аудан жұршылығын мерекелерімен құттықтап, акцияға белсенді қатысқан азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Осы ретте мереке күнге орайластырылған шара барысында Тұрар Рысқұлов мектебінен кейін эстафета тізгінің ұстаған Бауыржан Момышұлы мектебінің домбыра үйірмесіне 50 домбыра сыйға тартылды. Содан соң эстафетаны аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы саурандық әріптесі Серік Өмірханұлына табыстады. Тиісінше Серік Өмірханұлы саурандықтардың атынан естелік сыйлығын табыс етіп, аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.

Жиын жалғасы аудандық өнер мектебінің жас өнерпаздары мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты. Елуден астам жас домбырашы ұлттық аспабымызда күй шертіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Айта кетерлік, өткен жылдың аяғында бастау алған акция барысында ауданымыздағы мектептерге сол мектептің түлектері, депутаттар мен кәсіпкерлер, ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары тарапынан 400-ге жуық домбыра сыйға тартылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

В Шымкенте откроют 50 предприятий обрабатывающей промышленности

Next Post

Түркістан: Дәурен Абаев спорт төрешілерінің еңбекақысын көтеру туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі