13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Адал көмек: 25-ке жуық азаматтардың өтініштері қаралды

1 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Адал көмек: 25-ке жуық азаматтардың өтініштері қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 30 маусым күні «Адал көмек» жобасы аясында монополистердің қатысуымен офлайн форматта азаматтарға кеңес ұйымдастырылды.

«Антикор орталығы» алаңында өткен іс-шарада қала тұрғындарына Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Қаинбердиев, Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ө.Шыныбекұлы, Қуатжылуорталық-3, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, ҚазТрансГаз Аймақ, Су құбыры және канализация басқармасы мекемелері өкілдері кеңес берді.

Аталған салаға қатысты 8 азамат сауалдарымен жүгінсе, алдын ала жарияланған WhatsApp нөміріне 16 азаматтан өтініш келіп түсті.

Қала тұрғындары коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын орнатуға, монополистердің көппәтерлі үйдің 1-қабатындағы коммерциялық үй-жайлар үшін техникалық шарттар алған кезде жерге мемлекеттік актілер беру туралы талаптарының заңдылығына, көп пәтерлі тұрғын үйдің үйішілік инженерлік желілерін пайдалануға жауаптыларға және Самал 3 мөлтек ауданындағы су тапшылығына және тағы да басқа сұрақтармен жүгінді.

Тұтынушылармен қойылған сұрақтарға Департамент басшысы, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері мене тұрақты комиссия мүшелері кеңес беріп, заңдылық жағын түсіндірді.

Айта кетейік, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету мақсатында қолға алынған «Адал көмек» жобасы енді офлайн форматта жүзеге асырылуда.

Бастамашысы ретінде танылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен әр бейсенбіде «Аntikor ortalyǵy» алаңында өткізуді жоспарлауда.

Previous Post

Маусым «Жоғалған жұрнақпен» қорытындыланды

Next Post

Газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі