13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Маусым «Жоғалған жұрнақпен» қорытындыланды

1 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Маусым «Жоғалған жұрнақпен» қорытындыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 88 маусымын М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» драмасымен қорытындылады. Қоржынында қазақ және әлемдік драматургияның 400-ден аса жауһар туындылары бар өнер ордасы бұл шығармашылық маусымда 4 күрделі қойылымды сахналады.

— Театр репертуары 88 – маусымында 4 премьерамен толықты.  Маусымның басында қоюшы режиссер Жұмабек Есімов М.Омарованың «Тор» мистикалық драмасын сахналаса, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Желтоқсан» оқиғасының 35 жылдығына орай М.Байғұттың «Жоғалған  Жұрнақ» драмасын ұсындық. Жыл басында антикалық қос туынды, Ж.Ануй  мен Х.Мюллердің «Медея/Филоктет» трагедиясын қоюшы режиссер Қалтөре Жұмақұлов ерпекше үндестіріп, театрсүйер қауымның назарына ұсынды. Жуырда Х.Хурсандов «Өлдік те, құрметті болдық» трагикомедиясының тұсауы кесілді. Төрт туындының да қоғамға ой салар өзегі бар, сүйекті шығарма. Театр ұжымы, әртістер қауымы жыл бойы еңбектеніп, көреремен үшін аянып қалмады, — дейді театрдың көркемдік жетекшісі, әрі «Жоғалған Жұрнақ», «Өлдік те, құрметті болдық» спектакльдерінің қоюшы режиссері Б.Құрманғожаев.

Расында да, бұл маусым театр ұжымы үшін табысты қорытындыланып отыр. Шаниндіктер Қарағанды қаласында өткен Ә.Сығай атындағы «Сын шын болсын» республикалық театрлар фестиваліне У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша «QORA Z» трагикомедиясымен қатысып, жүлделі ІІ орынды және «Сығай шәкірттерінің тәуелсіз сыйлығы» марапатын иеленді. Ал, сәуір айында Сыр өңіріне гастрольдік сапармен барып, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер», М.Байғұттың  «Жоғалған Жұрнақ» драмасын және У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша «QORA Z»  трагикомедиясын сахналады.

Театр актрисасы Раушан Салова Қазақстан театр қайраткерлері одағының  «Дара» төсбелгісімен,  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен актриса   Бақыткүл Қожамұратова мен дыбыс беру цехының меңгерушісі Рашид Оразбақов, ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен театр режиссері Жұмабек Есімов пен актриса Бақыткүл Қожамұратова марапатталған. Сондай-ақ, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясын ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржамал Қаламбаева иеленді.

— Бұл маусым табысты, шығармашылық жаңалыққа толы жыл болды. Бұйыртса, келер маусымды Ж.Шаниннің 130 жылдығына орай Сая Қасымбектің  «Шанин» драмасымен ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Ақан сері», «Мөде хан» сынды тарихи драмаларды сахналау жоспарымызда бар. Алайда, театрға жаңа қолтаңба қалдыратын режиссер шақырсақ деген ниеттеміз. Мұның барлығы уақыт еншісінде. «Театр — тірі организм». Сондықтан шығармашылық балансты ұстап тұру өте маңызды. Сондықтан академиялық театр талаптарына сай, актерлік құрамды көбейтсек деген жоспарымыз бар,- дейді Б.Құрманғожаев.

Жиын барысында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Қайрат Қарғабаев патша көңіл театрсүйер қауымға және жыл бойы ақпараттық қолдау көрсеткен жергілікті БАҚ басшыларына алғыс білдірді.

Previous Post

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау

Next Post

Адал көмек: 25-ке жуық азаматтардың өтініштері қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі