13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жыл басынан бері 755  түркістандық  қаңғыбас  иттерден зардап шеккен

1 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Жыл басынан бері 755  түркістандық  қаңғыбас  иттерден зардап шеккен
Share on FacebookShare on Twitter

Аса қауіпті жұқпалы ауралардың алдын-алу шаралары Түркістан облысының СЭБД-нің қатаң бақылауында. Адам өміріне қауіпті аурулардың  бірі- құтыру дерті бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.                        Өңірде жыл басынан бері жалпы 3 580 азамат әртүрлі жануарлардан жарақат алған. 3 192 адамды ит қапса, оның ішінде 755 азамат қаңғыбас иттен зардап шеккен.  120-сы  мысықтан, 49-ы жылқыдан, 9-ы уақ малдан, 68 басқа да жануарлардан зардап шеккен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары ветеринариялық қызмет мамандарымен бірлескен шараларды жүзеге асырып,орын алған ошақтарда тексеру жұмыстарын жүргізуде. 20  жануар құтыру ауруына күдікті ретінде тексеріліп, оның 1-і оң нәтиже берген.                                                                         Құтыру ауруының  вирусы адамға  ауру жануарлардан  жарақат алған жағдайда, тістелген, тырналған немесе сілекейленген кезде зақымдалған тері қабаты арқылы еніп, нерв талшықтарымен  жұлын миына жету арқылы болатын қауіпті ауру.  Оның емі жоқ, алайда оның  алдын алу маңызды. Сондықтан, жарақат алған адам тез арада медициналық көмекке жүгініп, көрсеткіштер бойынша  антирабикалық егу курстарын алуы керек.

Құтыру ауруына шалдығу бірден біліне қоймағанымен, клиникалық көріністері тістелген орынға байланысты 10 күннен 1 жылға дейін созылады.Өкінішке орай,елдімекендердің көпшілігінде тұрғындар  иттерін байлаусыз, бос жібере салады.  Осындай  фактілер өзге адамдардың  өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Ит, мысық  т.б  жануарларды асыраған жағдайда оларды  уақытылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектірген абзал. Мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап, әсіресе балалардан аулақ ұстаған жөн.

Previous Post

Түркістан облысында зиянды энергетикалық сусындар сатылымнан алынып тасталды

Next Post

Шымкенттік кезекші  ХҚО сенбі күндері жұмыс істейтін болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі