13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында зиянды энергетикалық сусындар сатылымнан алынып тасталды

1 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында зиянды энергетикалық сусындар сатылымнан алынып тасталды
Share on FacebookShare on Twitter

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты аудандық басқармалар тарапынан  энергетикалық сусындардың құрамын зерттеуге мониторинг жүргізілді.  «Flash upEnergy»  және «Monster Energy» алкогольсіз, энергетикалық сусындары  зертханалық зерттеуге алынып, нәтижесінде «Monster Energy»  сусынының құрамынан  адам денсаулығына қауіпті консервант-натрий бензоатының (Е211)  мөлшерден тыс қосылғандығы анықталды.

Кеден одағының «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер қауіпсізд ігінің талаптары және технологиялық қосалқы  құралдар» 029/2012 техникалық регламенті талаптарына сәйкес, рұқсат етілген норма мөлшері 150 мг/л аспауы тиіс. Алайда  сараптамаға  алынған сусындардың ішінде  өндіруші компаниясы  «Refresco Benelux B.V»  болып табылатын, өндірілген мерзімдері  11.2021ж-11.2023ж, 03.2022ж-03.2024ж, 02.2022ж-02.2024ж  аралығындағы   «Monster Energy»-дің құрамынан натрий бензоаты 165-173 мг/л мөлшерде  қосылғандығы белгілі болды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары  тарапынан дүкен иелеріне аталған сусынның  жоғарыдағы партияларынсауда сөрелерінен алып тастау жөнінде ұйғарым берілді. Қазіргі таңда сол өнім партияларын  дүкенге жеткізіп берушілер анықталу үстінде.

Натрий бензоаты (Е211 қоспасы) — консервант қасиетіне ие, дәмі мен иісі жоқ ақ ұнтақ.  Консервант  өнімнің  сақтау мерзімін ұзарту үшін  қолданылады.  Мөлшерден тыс қолданылса  адам ағзасына өте зиянды,псевдо-аллергиялық реакциялар тудырады.  Сондай-ақ, ферменттердің түзілуін және майлардың бөлінуін бұзады, қартаю процесін тездетеді, бауыр циррозы, паркинсон ауруы, бүйрек жеткіліксіздігі, нейродегенеративті ауруларға соқтыруы әбден мүмкін.

Балаларға құрамында Е211 консервантымен өнімдерді қолдану мүлдем ұсынылмайды, өйткені ол зейіннің төмендеуіне, назардың жетіспеушілігіне, гиперактивтіліктің, зияткерлік қабілеттердің төмендеуіне әкеледі. Тұтынушыларға денсаулыққа керіс әсер беретін өнімдерді пайдаланбауды ұсынамыз.

Previous Post

Түркістан облысында жасыл желектердің өнімділігі 65%-ға жетті

Next Post

Жыл басынан бері 755  түркістандық  қаңғыбас  иттерден зардап шеккен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі