13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тапсырманың орындалуы аудан белсенділерімен пысықталды

27 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Тапсырманың орындалуы аудан белсенділерімен пысықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Еңбекші аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен және аудан тұрғындарымен кездесуінде 48 мәселені өзекті деп танып, хаттамалық тапсырмалар берген болатын.

Тапсырманың орындалу барысын М.Әйтенов бүгін аудан тұрғындарымен өткен кездесуде жеке-жеке талқыланып, пысықтады.

Аталған 48 тапсырманың 15-і орындалып, 10-ы тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Ал 23 мәселе бойынша берілген тапсырмалар жыл соңына дейін толығымен орындалады.

Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталсақ:

  • Базарқақпа тұрғын алабында  2 шақырымдық жол орташа жөнделді.
  • «Қаратөбе» аумағының 12 мың тұрғыны Шаңырақ шағын ауданында жаңадан бой көтерген «Дария Медикус» емханасына тіркелді.
  • Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елдімекендердегі 3000 үйге 16 млн м3 лимит бекітіліп, осы лимит шегінде ағын сумен қамту жұмысы ұйымдастырылды.
  • «Сүзік ата» мазаратына баратын жолға тас төселді.
  • Тоғыста 2 трансформатор қоршалып,  7 электр бағанасы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан ауыстырылды.
  • Маятас тұрғын алабының Мұнайбарлаушылар көшесіндегі ойын алаңшасына 6 электр бағанасы орнатылды.
  • Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас тұрғын алаптарына жалпы 20 жол белгісі мен аялдама павильондары орнатылды.
  • Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылды.
  • «Қазығұрт» аумағындағы Елтай, Айнатас, Тоғыс, Жыланбұзған, Маятас тұрғын алабына аумақтың төлқұжаты көрсетілген стендтер ілінді.

Мұрат Дүйсенбекұлы Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартудың күн тәртібінен түспейтінін, яғни, алдағы уақытта да кезектегі 23 мәселенің орындалуын тұрақты бақылап, нәтиже беруін қадағалайтын болады.

Кезекті кездесу Абай ауданының жастарымен өтті. Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес  мүшелерінің кезекті отырысы Абай ауданының жастарымен өтті.

Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.

  • Абай ауданына қарасты кейбір шалғай елді мекендерде жастардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға тегін үйірмелердің санын арттыру.
  • Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғарғы оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;
  • «Абай саябағында» Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдері жазылған аудио дыбыстарын орнатып бекітілген уақыттарда қосу.
  • Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, талантты жастарымызды ынталандыруға “Металлург” саябағына жастарға Амфитеатр салу сынды ұсыныстар айтылды.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне,  қаламыздың дамуына, көркейюіне жастардың ерекше қолдауы және жауапкершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Previous Post

Қала әкімі Құрсайдағы ойын алаңшасының құрылысымен танысты

Next Post

«Жасыл ел» жасағының жаңа маусымы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі