13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі Құрсайдағы ойын алаңшасының құрылысымен танысты

27 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі Құрсайдағы ойын алаңшасының құрылысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай шағынауданында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысты. Шаһар басшысы Қарнақ көшесінде орналасқан ойын алаңшасында болды. Бұл жердегі балалар алаңы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындардың ұсынысымен салынуда.

Алаңды абаттандыру жұмысы мамырдың соңында басталған болатын. Қазір ойын елементтерін орналастыру жұмысы жүргізілуде. Мердігер мекеме жуырда қолданысқа беру жоспарлап отыр. Мұнда балалар алаңынан бөлек демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері қойылады.

Алаңша тұрғындар серуендеуге және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Спорт элементтерімен бірге, балаларға да арналған құрылғылар орнатылуда. Жоғарыда аталған алаңшалардағы ойын және спорт құрылғылары Шымкент қаласында өндірілген.

Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спрот алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазір барлық аумақтағы құрылыстың 85 пайызы аяқталып, жуырда ел игілігіне беріледі.

Атқарылған жұмыстардың бірі – Еңбекші ауданында екі көшеге асфальт төселді.Бүгінгі таңда Еңбекші ауданы аумағындағы Шаңырақ шағын ауданының екі көшесі орташа жөндеуден өтті.

Жөндеуден өткен Жайдарлы және Ақжарқын көшелерінің жалпы ұзындығы 4,28 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде пайда болған ойық-шұңқыр кемшіліктер ретке келтіріліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте әлем есірткіге қарсы іс-шарасы өтті

Next Post

Тапсырманың орындалуы аудан белсенділерімен пысықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі