13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 6 жерге ауызсу бұрқақтары орнатылды

21 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 6 жерге ауызсу бұрқақтары орнатылды
Share on FacebookShare on Twitter

Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар «Цум» сауда орталығы алдында, Байтұрсынов көшесіндегі саябақта, №8 мектептің  алдында, Әл-Фараби алаңы, Чернобыль саябағында, Тыныбаев және Дулати көшелері қиылысында қойылды. Әл-Фараби ауданы аумағында адам көп шоғырланған жерлерде жалпы саны 11 субұрқақ жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары – Арбат демалыс саябағында, Гүлжан аялдамасындағы «Қызғалдақтың» жанында, Орталық саябақта, Қонаев пен Иляев көшелерінің қиылысында, «Моцарелла» мейрамханасының алдында және Гипер хаус сауда үйінің тұсында ауызсудан ішіп, шөлін қандыра алады.

Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылды. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған.

Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарынан  жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!

Жалпы аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады. Ең бастысы қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмағаны абзал.

Previous Post

Референдумға атсалысқан белсенділер марапатталды

Next Post

В Шымкенте установлены питьевые фонтаны в 6 местах

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі