13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Референдумға атсалысқан белсенділер марапатталды

21 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Референдумға атсалысқан белсенділер марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда елімізде референдум өткені қабылданғаны белгілі. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы референдумды халық арасында түсіндіру жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейде 18 штаб құрған болатын. Оның құрамына 475 адам еніп, халықпен кездесу және түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысты.

Бүгін облыстық партия филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын өтіп, бір топ штаб мүшелері мен ақпараттық-насихат жұмыстарына атсалысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Оларға ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың, «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошановтың, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы А.Ораловтың алғыс хаттары табысталды.

Іс-шараға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қатысып, марапат иелерін құттықтады.

—  Референдумда дауыс беру бойынша Түркістан облысы 1-орыннан көрінді. Бұл баршамыздың ортақ жетістігіміз. Бір белсенділеріміз кездесулерді ұйымдастыруға араласса, бірі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. БАҚ өкілдері сәт сайын жаңалықтармен ақпараттандырып отырды. Сондықтан, жұмыла кіріскен жұмыс жоғары нәтижеге жетеледі. Ел Президенті ұсынған реформалар халықтың талап-тілегінен туындаған соң, тұрғындар да оң қабылдап, өзгерістерге ынта-ықыласпен дауыс берді. Референдум — “Жаңа Қазақстанның” алғышарты болды. Реформалардың сәтті жүруіне үлес қосқан азаматтарды бүгін марапаттауды жөн көрдік. Бірлігіміз жарасып, елдігіміз биік болсын- деді атқарушы хатшы.

Аймақтық партия филиалында бастау алған марапаттау рәсімі 17 аумақтық филиалда жалғасып, аудандық және қалалық штаб мүшелеріне табысталады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

В Шымкенте стартовала акция «Чистый город»

Next Post

Шымкентте 6 жерге ауызсу бұрқақтары орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі