13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тазалық жұмыстары жүргізілді

19 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Тазалық жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Әл-Фараби ауданы аумағында тазалық жұмыстары қарқын алды. Басты көшелер мен аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді.

Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Б.Момышұлы және Желтоқсан көшелері сұйық сабынмен жуылуда.

Аялдамаларда тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды.

Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылды

Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды.

Бүгінде  ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде.

Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады.

Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника  жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.

Қаратау ауданы бойынша 0ала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды,  арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.

Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді.

Жоспарлы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 арнайы техника мен 180-ге жуық тазалық қызметкерлері қамтылды.

Еңбекші ауданына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді.

Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға  3 арнайы көлік жұмылдырылған.

Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.

Previous Post

Түркістан және Маңғыстау облыстары ҚХА жанындағы аналар кеңестері тәжірибе алмасты

Next Post

Түркістан облысынан ең көп балалар тобы «IQanat» республикалық олимпиадасының ақтық сынына аттанады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі