2022 жылдың 21-25 маусымында елордаға еліміздің 164 ауданынан 36 мың бала арасында іріктеуден өткен «IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слетіне 8-ші сыныптың 750 дарынды ауылдық оқушысы жиналады. Түркістан облысынан 98 ауыл оқушысы 750 оқушы арасынан топ жарып, үздік атану үшін бақ сынайды.
Еліміздің ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды офлайн олимпиаданы сапалы білім алуға жол ашу үшін «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастыруда. Осы орайда атап өтер жайт, соңғы 4 жылда 137 мыңға жуық ауыл оқушысы сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Слет аясында іріктеудің ақтық кезеңдері өтіп, 100 жеңімпаз анықталады, қалған қатысушылар олимпиададан кейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылады.
«IQanat» олимпиадасы және Қордың басқа да бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі — IQanat High School of Burabay-ға оқуға түсу мүмкіндігін, озық үлгілі педагогтармен пікірлесудің баға жетпес тәжірибесін сыйлап, көкжиегін кеңейтеді және де жалпы өмір сүру деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашады. Қор бағдарламаларының түлектері, яғни ауыл мектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа жоғары оқу орындарынан табалдырығынан аттамақ.
«Біз өте қатаң іріктеуден өттік. Химия, география, биология және математика пәндерінен өте қиын тапсырмалар жолықты. Енді елордаға ақтық кезеңге жолдама алып, жеңіске жетуге ұмтыламыз. Өз басым грант ұтып, Айқанат мектебіне түскім келеді. Мектептің өмірін әрқашан Instagram парақшасынан бақылап, көзімді жұмған күйде сол жерде оқып жатқанымды елестетуші едім. Ұйымдастырушылар бізге Қамқоршылар туралы айтып берді. Олардың арқасында бұл олимпиада біз үшін әлеуметтік биік белеске қол созуды шындыққа айналдырды. Бізге көмектесіп жатқан Серік Қарабекұлына зор алғысымызды айтамыз!»,- деді Түркістан облысы Жетісай ауданы Достық ауылынан олимпиадаға қатысушы Зарина Әділбек.
Жобаларды іске асыру және ауыл оқушыларының осындай жоғары асуларға қол жеткізуі, аталған жеткіншектерге көмек көрсету ниетімен біріккен Қордың қамқоршыларының арқасында мүмкін болып отыр. Қамқоршылардың қатары үнемі көбейіп келеді. Ал мұндай қолдаудың құны зор. Олардың көпшілігінің өзі аудандардан шыққан адамдар және ел ауылдары мен шалғай аймақтарындағы әр оқушының сапалы білім алу мүмкіндігі болуы керек екеніне нық сенімді. Болашақта осы балалар өздерінің кіші Отанының, ауылдың, ауданның, облыстың және жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуіне әсер ететіні сөзсіз. Сондай-ақ, олардың өз кезегінде, өздерінің жас жерлесін қолдап, бәсекеге қабілетті болуға қолтықтан демеп жіберетіні анық.
Тиісті шара пандемияның екі жылынан кейін ашық офлайн сипатта өтеді және ҚР Үкіметі бекіткен Балалар жылын өткізу жөніндегі Шаралар жоспарына енгізілген.

Тиісті шара пандемияның екі жылынан кейін ашық офлайн сипатта өтеді және ҚР Үкіметі бекіткен Балалар жылын өткізу жөніндегі Шаралар жоспарына енгізілген.М