13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жыл басынан 70-ке жуық ауыл сапалы ғаламтормен қамтылды

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жыл басынан 70-ке жуық ауыл сапалы ғаламтормен қамтылды
144
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы аумағындағы ауылдарды мобильді интернеттен бөлек, жоғары жылдамдықты байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері инвестор «NanoTech» ЖШС облыс көлемінде жалпы 70-ке жуық ауылдық елді мекен тұрғындарын ғаламторға қосты. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.

«Түркістан облысы аумағындағы 74 елдімекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Бұл мәселені шешуде Заңнамалық деңгейде өзгерістер қажет. Елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің міндеттілігі бүгінде ешқандай заңдармен және жарлықтармен көзделмеген»- деді Елнұр Рахымбердіұлы.

Өткен жылы кең жолақты интернетке қосылу үшін 49 ауыл таңдалған, ал іс жүзінде тек 37 ауыл қосылды. Мұның бәрі ұялы байланыс операторларына байланысты. Биылғы жылы «Kcell» АҚ жоспарланған 124 ауылға кең жолақты интернетті тартуды ұсынды. Сонымен қатар, «Beeline» АҚ 40 елді мекенді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» АЭА» әкімшілік-іскерлік аумағында «НҰРОРДА» халықаралық мектебі» салынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «TURKISTAN» АЭА» АҚ өкілдері «Диал Строй» ЖШС-нің директоры Ғабит Маматраиымов пен БИЛ-дің бірінші вице-президенті Мухаммадали Ибрагимовпен кездесуінде келісімге келді. Инвестордың шаһардағы мәдени — рухани орталықтан шығыс үлгісіндегі сауда орталығын салмақ ойы бар. Сондай-ақ кездесуде қаланың әкімшілік-іскерлік аумағында заманауи қонақүй салу туралы жоспар талқыланды.

«НҰРОРДА» халықаралық мектебі» – еліміздегі ең үздік білім ошақтарының қатарында. Төрт тілде білім беретін халықаралық мектепте барлық жағдай жасалады. Білім беру кешенінде футбол алаңы, жатақхана және бассейн салынады. 5 гектар жерге жайғасатын заманауи мектептің қабырғасы биыл қаланады. Жоспар бойынша 2024 жылғы жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде.

«НҰРОРДА» халықаралық мектебі» Қазақстанның ірі қалаларында бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: «Samruk-Kazyna Trust» қоры әлеуметтік жобаларды қолдайды

Next Post

Түркістан: Шардара тұрғындарын алаңдататын мәселелер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі