13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Samruk-Kazyna Trust» қоры әлеуметтік жобаларды қолдайды

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Samruk-Kazyna Trust» қоры әлеуметтік жобаларды қолдайды
146
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Түркістан облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті. Киелі Түркістандағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін», — деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.

Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірдегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты.   Бас директордың сөзінше, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан өңірдің дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2018-2021 жылдар аралығы, қордың қайырымдылық қызметі аясында өңірде жалпы сомасы 843,3 млн теңгеге 28 әлеуметтік жоба іске асырылды. Бұл қаражатқа спорт кешендері салынып, пандемия кезінде облыстың медициналық мекемелеріне Damas санитарлық машиналары, 5 бірлік көлемінде оттегі концентраторлары, 50 пульсоксиметр табысталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістан: Жұмыссыздық деңгейі 2022 жылғы І тоқсанында 5,2 пайызды құрады

Next Post

Түркістан: Жыл басынан 70-ке жуық ауыл сапалы ғаламтормен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі