13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КЕНТАУ ҮЙЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

5 июня, 2020
in Қоғам
0
КЕНТАУ ҮЙЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы жылдары Кентаудағы көпқабатты үйлер жаңа кейіпке енді. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында атқарылған жұмыстар халық тарапынан қолдау табуда.

Кентау қаласында барлығы 324 көпқабатты үй бар. Кеншілер қаласында Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Содан бері 79 үй күрделі жөндеуден өткен. Бұл мақсатқа 1 млрд 74 млн теңге қаржы бағытталған.  Биылғы меже одан да көп.Арман Басаров-Кентау қаласы әкімінің орынбасары
2017 жылы 35 үй, 2019 жылы 44 үй күрделі жөндейден өтті.Биыл жоспар бойынша 74 және жоспардан тыс 42 үйді модернизация бойынша жөндейміз деп жоспарлап отырмыз.
Көпқабатты үйлерді өз бетінше жөндеу тұрғындардың қолынан келмейтіні анық. Сондықтан жөндеуге мемлекет қаржысы жұмсалды. Ал тұрғындар бұл қаржыны  20 жыл көлемінде  бөліп төлеп қайтарады. Оған үстемақы немесе пайыз қосылмайды.
Әшіркүл Наурызбаева — Кентау қаласының тұрғыны
Бұрынғы жағдайы өте нашар болған. Үй салынғалы бері жөндеу көрмеген ғой. Соған тұрғындар жиналып Әкімдікке барып арыз жазып осындай қылып жөндеп жатыр.
Осы бағдарлама аясында Кентауда тәжірибе жүзеге асты.  Ясауи көшесі 112-ші үйде автономды газ қондырғысы орнатылды. Енді тұрғындар газды қалауынша тұтынады. Жылу жүйесі де газға ауысқан. Алпысбай Әшірбеков- Кентау қаласының тұрғыны
Бұрын газ баллон тасып жағатынбыз. Мынау енді өте тиімді болып тұр. Ыстық су дайын. Үйіңді ысытасыз, ыстық болса азайтасың, суық болса қосып аласың.
Кентаулықтар осылай мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп отыр. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасады.
Н.Кенжехан

Previous Post

БАСТЫ МАҚСАТ-БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Next Post

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТӘСІЛМЕН МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі