NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасының 2022 ж. 6 маусымынан бастап шығуына байланысты қосымшаның жаңа нұсқасына қайта орнату қажет. «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің барлық қолданушылары осындай жаңартуды жүргізуі тиіс. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
МКК-де толықтай нұсқаулықты ұсынды.
Ол үшін NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасын жүктеп, келесі нұсқауларды орындау қажет:
1 қадам. NCALayer-дің алдыңғы нұсқасын компьютерден жою керек.
2 қадам. NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасын компьютерге https://pki.gov.kz/ncalayer/ сілтеме арқылы орнатыңыз.
3 қадам. NCALayer орнатылған 1.3 нұсқасына кіруді жүзеге асырыңыз.
4 қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтамасын іске қосқаннан кейін экранның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, «модульдерді басқару» тармағын таңдау керек.
5 қадам. Ашылған Модульдер тізімінде «ЭШФ модулі» тармағын таңдап, «модульді орнату» батырмасын басыңыз, нәтижесінде модуль пайдаланушының компьютеріне орнатылады.
6 қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтаманы қайта іске қосуды сұрайды. «Қайта қосу» түймесін басыңыз.
Нәтижесінде Электронды шот-фактуралар модулінің жаңартылған нұсқасы NCALayer-де орнатылатын болады және Сіз ЭШФ ақпараттық жүйесінің веб-порталында жұмысты бастай аласыз.