13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандықтар мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан құру жолдындағы өз таңдауларын жасады.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, сағат кешкі 22.00-ғы мәлімет бойынша Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66%-ы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1,1 млн. астам сайлаушы тіркелген. Оларға 914 референдум учаскесі әзірленген.

Өңірде референдумға дайындық жоғары деңгейде жүргізілді. Облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2864 кездесу өткізілді, 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Сонымен бірге «Amanat» партиясы жанынан құрылған штаб та түсіндіру, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Өңірдегі 914 сайлау учаскелерінде 6500-ге жуық бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады. Референдум учаскелерінде келеңсіз жағдай орын алмады. Ал Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Бадан Туребаев өз шаңырағында референдумдағы таңдауын жасады. «Өскелең ұрпақтың жарқын болашағына үлкен өзгеріс беретін маңызды сәтте менің де таңдауым маңызды», дейді ақсақал.  Ардагер Бадан Туребаев 1924 жылдың 13 қарашасында Түркістан облысында дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң Бельарус майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түскен. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп «Ерлігі үшін» медальімен марапатталған. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты.

Previous Post

Түркістан өңірінің тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

Next Post

Түркістан: Қазығұртта 2 спорт кешені ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі