13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЕКІ БІРДЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

14 июня, 2020
in Қоғам
0
ЕКІ БІРДЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында жыл басынан бері 18 мал ұрлығы тіркеліп, оның 12 жайты ашылды. Криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыс күшімен мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топ ұсталды.

Қылмыстық топтың біреуінде 4 адам болған. Олар ауданға қарасты ауылдардың бірінен қой ұрлаумен айналысқан. Екінші қылмыстық топтың құрамында 4 жергілікті тұрғын бар. Олардың Ордабасы ауданы Амангелді ауылынан ұрланған 47 бас қой ұрлығына қатысы бары анықталды. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін мал ұрлығына қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Ұрланған қойлардың басым бөлігі заңды иелеріне қайтарылды.

Бақытжан Махамбетов — Ордабасы АПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі

Мал ұрлығының орын алуына негізінен үй малын қараусыз қалдыратын ауыл тұрғындарының бейқамдығы себеп болып табылады. Одан бөлек, төрт-түлігі жоғалған сәтте бірден полицияға хабарламай, өз бетінше іздеп уақыт оздырады. Бұл әрекет мал ұрлығының ашылуына кері ықпал етіп жатады. 

Қазіргі уақытта Ордабасы АПБ-нің полиция қызметкерлері тарапынан мал ұрлығы жайттарының алдын алу және азайту, жайылымда қараусыз қалған малдарды анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қора-жайларды және жайылымдарды аралап, тұрғындармен жиындар өткізуде. Полиция қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау және төмендету бойынша жедел алдын алу жұмыстарын одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр. Тәртіп сақшылары шаруашылық аулалар да бейне бақылау камералары мен күзет дабылын орнатуды ұсынады. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарлау қажет.

Ә. Дәулетбекқызы (shymkenttv.kz)                                                         

Previous Post

АРЫСТЫҚТАР РӘМІЗДЕР КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

Next Post

КЕНТАУ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі