13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан: Қазығұртта спорт кешені пайдалануға берілді

9 июня, 2022
in Спорт
0
Түркістан: Қазығұртта спорт кешені пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылында заманауи спорт кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Мұндай кешен ауылда бұрын болмаған. Енді Қызылқия ауылына қарасты 5 ауылдың жастары қалаға қатынамай-ақ, спорттың 10 түрінен шынығып, шыңдалады.

Спорт кешенін ауыл тұрғыны, ел жанашыры Нұрмаханбет Сейткәрім өз қаражаты есебінен салып берді. Мұнда бір мезгілде 100-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын жаңа ғимаратпен құттықтап, бұл спорт кешені ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді екенін жеткізді.

-ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын орындау мақсатында Қызылқия ауылында бүгін жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп отыр. Бұл ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік. Осы спорт кешенінен келешекте еліміздің атын әлемге паш ететін әйгілі спортшылар шығады деген сенімдемін. Осы кешенді өз қаржысына салып отырған Нұрмаханбет Сейткәрім мырзаға алғысымды білдіремін.Өзге де кәсіпкерлерді осындай игілікті іс жасауға шақырамын. Біздің болашағымыз жастардың қолында. Сондықтан жастарымыз білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат болып өсуі қажет. Осы спорт кешені соған үлес қосады – деді аудан әкімі.

Жеке кәсіпкерлер тарапынан спорт кешендері мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жұмыстары облыстың барлық аудандарында жалғасатын болады. Бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзспорт кешеніТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды

Next Post

Түркістан: Ө. Шөкеев Қазығұрт жұртшылығының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі