13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды

9 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды. Биылғы төл мерекесінде Түркістан облысының БАҚ өкілдері 27 мамыр мен 17-18 маусым күндері спартакиада аясында спорттың 7 түрінен бақ сынайды. «Turkistan Arena» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай қатысып, БАҚ өкілдеріне сәттілік тіледі.

-БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.Биылғы жарысқа біз Түркістан облысынан бөлек, Шымкент қаласынан да әріптестерімізді қатыстыруға мүмкіндік жасадық.Бұл журналистер арасындағы достық пен бауырмалдықты, әріптестік қарым-қатынасты нығайта түсетін іс-шара.Сондай-ақ биыл спорттың әрбір түрінен өңір журналистикасының дамуына үлес қосқан марқұм болған әріптестеріміздің атындағы арнайы жүлделер тағайындап отырмыз. Бұл олардың рухына деген тағзым деп есептейміз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз – деді Ғ.Елшібай.

Бүгін қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахматтан өтеді.

Ал 17-18 маусым күндері спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі. Биылғы төл мерекесінде Түркістан облысының БАҚ өкілдері 27 мамыр мен 17-18 маусым күндері спартакиада аясында спорттың 7 түрінен бақ сынайды. 27 мамыр күні — қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахматтан өтеді. Айта кету керек, сол күні, яғни 27 мамыр күні Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орай «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» атты жаяу жүру акциясы да өтеді. Ал 17-18 маусым күндері спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзспартакиадаТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Мақтааралда балық аулаудан республикалық жарыс өтті

Next Post

Түркістан: Қазығұртта спорт кешені пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі