Биыл ҚР Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл
2022 жылы ҚР Мемлекеттік рәміздерініне 30 жыл толып отыр. Осыған орай, Манкент ауыл кітапханасында «Ел рәміздер – ел рухы» атты тарихи танымдық сағат өтті.
Іс- шараның басты мақсаты — оқырмандарға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс- шараны Манкент ауылдық округінің әкімі Сайдмуратов Абдугани құттықтау сөзімен ашты.
Кітапханашы Азиза Султанкулова кеш қонақтарына «Ел рәміздер – ел рухы» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер екендігі туралы айтылды.
Рәміздер — еркін елдің айқын келбеті! Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз биігінен аласармай, Әнұранымыз мәңгілік шырқала берсін! Мереке құтты болсын, Қазақ елі! Іс- шараның негізгі мақсаты – кітап сүйер қауымға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік жан-жақты беру. Сонымен қатар елін, жерін және тілін яғни қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
«Жаңа тарихымыздағы ерекше маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің белгіленуі. 1992 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» заңдарына қол қойылды. Биыл сол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр.