13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

8 МАУСЫМНАН БАСТАП ШЫМКЕНТ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛАГЕРЬЛЕР АШЫЛАДЫ

5 июня, 2020
in Қоғам
0
8 МАУСЫМНАН БАСТАП ШЫМКЕНТ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛАГЕРЬЛЕР АШЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында жазғы лагерьлер жұмысын қашан бастайтыны туралы айтылды.
Дулат Жекебаевтың айтуынша, еліміздегі 12 мыңнан аса лагердің тек 65-і биыл бала қабылдайды.
Барлық қазақстандық үшін биылғы жаз айлары өткен жылдардан ерекше. Биылғы балалардың демалысы ерекше болады. Министрлік алдында 3 бағыт бойынша міндеттер тұр. Біріншіден – лагерлер қызметін ұйымдастыру, екіншіден балаларды, оның ішінде жекелеген санаттағы балаларды жазғы іс-шаралармен қамтамасыз ету, үшіншіден – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Халықаралық тәжірибе бойынша АҚШ пен Францияда маусым айының басынан бастап жұмысқа кіріссе, Ресей бойынша 45 мың лагерьдің 33 мыңға қысқарады, Украинада биыл лагерьлер жұмыс істемейді, — дейді Бала құқықтарын қорғау комитет төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 мамырдағы қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты егер коронавирус 7 пайыздан асқан жағдайда балалар қашықтан оқытуға ауысады және оқушылардың экскурсиясына тыйым салынады деп жазылған.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай кезеңінде балалардың қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі өңірлердің эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешілетін болады. Мұны алдын ала жергілікті орган өкілдерімен жиналыс өткізгенде айтқан болатынбыз. Жалпы республика бойынша 8 маусымнан бастап Шымкент және Түркістан облысында, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан мен Қарағанды лагерлер ашылады деп жоспарлануда. Ал Алматы қаласы бойынша мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерге тыйым салынады. Осыған байланысты жоспарға сәйкес 12 154 лагердің, биыл 65-і яғни 9%-ы ғана жұмыс істейді. Дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Денсаулық сақтау министрлігі, яғни «СЭС» 24 лагерге бала қабылдауға рұқсат берді. Ал төтенше жағдай департаменті республика бойынша 32 лагерге оң қорытындысын берді, — деді комитет басшысы.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ӘСПЕТТЕЛДІ

Next Post

БАСТЫ МАҚСАТ-БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі