13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛҒЫ ЕГІС КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ

14 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛҒЫ ЕГІС КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі — 122 мың га, азықтық дақылдар — 213 мың га, майлы дақылдар көлемі — 91,4 мың га, масақты дақылдар — 226,9 мың га, мақта дақылы — 118 мың га аймаққа егілетін болады.
Бүгінгі күнге 505 мың гектар жаздық дақылдардың 206,4 мың гектары, яғни 40 пайызы отырғызылған. Сондай-ақ, облыста жер айдау жұмыстары — 424 мың гектарға, ал сор шаю жұмыстары 113 мың гектарға межеленіп, толығымен орындалды.

Айта кетерлігі, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінген. Дизель отынының босату бағасы сәуір айынан бастап литріне шаққанда 160 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 25 теңгеге арзан.

Бұдан бөлек, 93,5 мың тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 3,75 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі таңда облысқа «КазАзот» АҚ және тыңайтқыш өндірушілер мен тарапынан 27 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, 7 мың тоннасы тауар өндірушілерге үлестірілген.

Облыста агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алынған болатын. Нәтижесінде, 2019 жылы 3 млрд теңгеге 107 жоба іске асып, 9 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, биыл өңірде 8 мың гектарға ерте пісетін қырыққабат егіліп, сәуір-мамыр айларында 300 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АЗАЙҒАН

Next Post

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі