13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АЗАЙҒАН

14 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АЗАЙҒАН
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Есірткіге қатысты қылмыс қоғамды ерекше алаңдататыны белгілі. Ал оны әйелдердің жасауы — тіпті ақылға сыймайтын дүние деуге болады.

Әйелдер арасындағы есірткіге байланысты қылмыс жүз пайыз жойылды деп толық сеніммен айта алмаймыз, алайда ол жөніндегі амал-әрекеттердің жүзеге асу мүмкіндігі бар. Көбінесе әйелдердің есірткі қылмысымен айналысуының басты себебі: жайсыз отбасылық жағдайы, оңай табыс көзі және есірткі тәуелділігі. Әйелдер арасындағы тіркелген есірткі қылмысы бойынша Түркістан облысы республика бойынша 13-орында. Осы бағыт бойынша кейінгі 3 жылдың қылмыстық жағдайы, төмендеу динамикасы байқалады. Яғни, 2017 жылы – 12, 2018 жылы – 10, 2019 жылы – 4, 2020 жылдың өткен айлары бойынша – 1 дерек тіркелген — делінген Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Наркодиспансер есебінде тұратын әйелдердің саны да төмендеуде, яғни 2018 – 2019 жылдары – 11 әйел тіркелген болса, 2020 жылы бірде-біреуі тіркелмеген.

Есірткі затын қабылдаудан соңғы рет 2012 жылы 1 әйел көз жұмған болатын, одан бері мұндай жайттар өңірде орын алмаған. Ал ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде 2016 жылы 1 әйел есірткі қылмысы бойынша жауапқа тартылса, одан бері мұндай дерек тіркелмеген. Жалпы әйелдер арасында есірткі қылмысын болдырмау мақсатында қылмыстық қудалау органдары жыл сайын жоспарлар түзіп, арнайы профилактикалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізуде — делінген хабарламада.

Есірткі қылмысына қарсы бағытталған құқыққорғау органдарының жұмыстарын үйлестіруді прокуратура жүзеге асырып келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШАРДАРАЛЫҚ ДИХАНДАР 6500 ТОННА ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТТАП ҮЛГЕРДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛҒЫ ЕГІС КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі