13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Парламент депутаттарының өкілеттігін күшейтуге ерекше мән берілмек

27 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Парламент депутаттарының өкілеттігін күшейтуге ерекше мән берілмек
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформаларда Парламент депутаттарының өкілеттігін күшейтуге ерекше мән берілген. Мысалы, қазір Парламент қандай да бір облыстың немесе ауданның бюджетін тексере алмайды. Ал өңірлерге үлкен көлемде республикалық қаражат бөлінеді. Ел бюджетін бекітетін Парламент үшін бұл қаржының не үшін жұмсалып жатқанын білу маңызды.

Қазақстандықтар Конституцияға түзетулерді қабылдаған жағдайда депутаттардың бюджет қаражатының шығыстарын бақылау мүмкіндігі пайда болады. Осылайша, Есеп комитеті мен барлық тексеру комиссияларын жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында жария түрде есеп беретін Аудиторлық палатаға біріктіру ұсынылады. Яғни Мәжіліс республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерді бақылай алады.

Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың өзі аралас мажоритарлық-пропорционалдық модель бойынша өтетін болады. Яғни, егер бұрын кандидаттар партиялық тізімдер бойынша өтетін болса, енді реформалар қабылданғаннан кейін депутаттардың бір бөлігі бір мандатты округтерден сайланады. Оларға қарапайым азаматтар дауыс береді, ал депутаттыққа кандидаттар өзін-өзі ұсынады. Бұдан басқа, егер азаматтар олардың жұмысына қанағаттанбаса, қазақстандықтар бір мандатты депутаттарды депутаттықтан кері қайтарып ала алады. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді

Бұл түзетулер ілгерлемелі сипатта болады, сондықтан алдағы 5 маусымдағы референдумда сол үшін дауыс беруіміз керек.

Previous Post

Шымкент: Обсудили коррупцию в сфере образования

Next Post

Бүкілхалықтық референдум әрбір қазақстандықтың болашағы үшін маңызды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі