13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Білім саласындағы сыбалас жемқорлық мәселесі талқыланды

27 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Білім саласындағы сыбалас жемқорлық мәселесі талқыланды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында кешенді  шаралар қабылдауда.

Солардың бірі, қылмыстық істерді тергеу нәтижесімен сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсынулар енгізіліп, мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда.

Осы ретте, кезекті жиын Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаевтың, білім басқармасы мен білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен өтті.

Шараны өткізуге білім саласының өкілдеріне қатысты қылмыстық істі тергеу нәтижесі бойынша енгізілген ұсыныс себеп болған.

Кездесуде қатысушыларға бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті ескертілді.

Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласында мектептерде заңсыз ақша жинау  тыйылмай тұрғандығы талқыланды. Департамент өкілдері Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларына  мектептердегі бітіруші сыныптардың ата-аналарынан мұғалімдерге сыйлыққа,  емтихан алушы мұғалімдердің тамақтануына, бітіру кештеріне, сыныпта жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар сынып жетекшілеріне бағалы сыйлықтар алуға ақша жиналып жатқандығы бойынша хабарламалар келіп жатқандығын жеткізді.

Осы ретте алдағы уақытта ұжымдар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға, мектептерде ақша жинамауға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Кездесуде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Р.Әліш қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, барлық ұсыныстар жіті назарға алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Previous Post

Шымкент: Новые проекты в индустриальной зоне "Тассай"

Next Post

Шымкент: Обсудили коррупцию в сфере образования

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі