13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі   

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі   
52
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы  Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту көзделуде.

Бүгінде қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і  сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары.

Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді.

Сондай-ақ, ауыз суды кестемен пайдаланатын Сайрам және Қайнарбұлақ елді мекендерін ауыз сумен қамту құрылысы және ағымдағы  жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға берілетін болады.

Өткен 2021 жылы осы бағыттағы 13 жоба аяқталған. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 24,46 шақырымды құрайтын 3 маистралды су құбыры тартылды. Сонымен қатар 10 елді мекенде ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес. Қорыта айтқанда Шымкентте ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселесі талқыланды

Next Post

В Шымкенте инфраструктура питьевой воды будет полностью решена в 2023 году

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі